Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония астанасы Токиода өткен XVI жазғы Паралимпиада ойындарында жүлде жеңіп алған спортшыларды Мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Қаулыға қол қойды
«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Дегтярев Давид Мамиевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;
«Парасат» орденімен
Байбатина Зарина Боранбайқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы
Дәулет Теміржан Серікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы
Сариев Ануар Берікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;
«Құрмет» орденімен
Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы.
2.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,-деп жазылған Мемлекет басшысының №652 Қаулысында.