Амман (Иордания) қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек-спортшылар арасында паратаеквондодан 5-ші ашық Азия чемпионаты
2019 жылдың 15-20 шілде аралығында Амман (Иордания) қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында паратаеквондодан 5-ші ашық Азия чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатқа 25 мемлекеттен 234 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының намысын 8 спортшы қорғады, оның ішінде Жамбыл облысының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КМҚК-ң паратаеквондо спорт түрінен спортшылары Өміралі Нышан мен Ержанов Жұмағали қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша; Ержанов Жұмағали К42 классының 75 келіде 2 орынды иеленіп 5-ші ашық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Спортшыны дайындаған бапкері: Таеквондодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Есілбаев Нұржан.
Жалпы командалық есепте Қазақстан Республикасының құрама командасы 1 алтын 2 күміс 1 қола медальдарымен 3 орын алды.