Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының көру қабілеті төмен спортшылар арасында командалық чемпионаты

2022 жылдың 12-18 қыркүйек  аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған  және көру қабілеті төмен  спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық  Чемпионаты өтті.

Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының көру қабілеті төмен спортшылары 1-ші орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Шәміл Ришат, Таласбаев Бекзат, Игиликова Мадина, Кутубай Аружан.

Көру қабілеті төмен  спортшылар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының командалық  Чемпионатына қатысқан командалар: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және  Ақмола,  Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары.

Қазақстан Республикасының 8 облысы және екі  қаладан -40 спортшы қатысты.

Спортшылардың жаттықтырушысы Шәміл Ришат.

Құттықтаймыз!!!

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған