Пара пауэрлифтингтен жастар және ересектер арасында Еуропаның ашық чемпионаты өтті.

2022 жылдың 24-29 қыркүйек аралығында Тбилиси (Грузия) қаласында пара пауэрлифтингтен жастар және ересектер арасында Еуропаның ашық чемпионаты өтті. Чемпионатқа 30 елден 150-ге жуық спортшылар қатысып, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама команда сапында 6 спортшы ел намысын қорғады, оның ішінде Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 3 спортшы қатысты.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша, Жамбыл облысының спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді.

Атап айтқанда:

Беримкулова Айжан әйелдер арасында 50 келіде қола медаль;

Закривидорога Руслан жастар арасында 54 келіде 1 алтын және үш тәсілдің қорытындысы бойынша күміс медальді иеленді;

Карибай Ерболат ересектер арасында қола медаль және жастар арасында 2 алтын медальді жеңіп алды.

Сонымен қатар, Беримкулова Айжан жарыстың соңғы күні әйелдер арасында командалық жарысқа қатысып қола медальді жеңіп алды.

Спортшылардың жеке жаттықтырушысы Греев Руслан Сайдикаримович.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған